Денсаулық
Нұрсұлтан Назарбаев: «Алматыда таудан ерекше қуат аламын»
- author «Ақ жол»
- 19 қыркүйек, 2016
- 536
Нұрсұлтан Назарбаев: «Алматыда таудан ерекше қуат аламын»
Алматыда таудан қуат алып кетуге тырысамын, - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Алматы арена» мұз сарайының ашылуында сөйлеген сөзінде.
«Менің балалық шағымда, қазір де ұшқан құстың қанаты талатын, ұланғайыр Отанымызда көптеген адамдар Алматыда оқуға, тұруға асығатын. Мұнда көптеген отбасы шаңырақ көтерді. Мен Алматыға келгенде бір күнге, тіпті жарты күнге келсем де тауға барып, оның қуатынан сіңіріп алғым келеді. Мұндай еш жерде жоқ. Астана тұп-тұнық ашық аспанымен, жазық кең даласымен әсем. Мен әдеттегідей, бүгін де Медеуге көтерілдім. Онда жастар жүр екен, жақындам сөйлестім. Бірі Маңғыстаудан, бірі Семейден, бірі Тараздан болса, бірі Атыраудан келген. Міне, Алматы деген осы!» - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент алматылықтарды қаланың 1000 жылдығымен құттықтады.
«Алматылықтарды, барлық қазақстандықтарды әсем де, сүйікті қаламыздың 1000 жылдығымен құттықтаймын», - деді Елбасы.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




