Денсаулық
Қазақстан Соломон аралдарын ойсырата ұтып, футзалдан ӘЧ плей-офф кезеңіне шықты
- author «Ақ жол»
- 19 қыркүйек, 2016
- 590
Қазақстан Соломон аралдарын ойсырата ұтып, футзалдан ӘЧ плей-офф кезеңіне шықты
Футзалдан Қазақстан құрамасы Соломон аралдарын ойсырата жеңіп, Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Ойынды "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
Матч 10:0 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб (9-шы және 22-ші минуттар), Дуглас (16-шы және 29-шы минуттарда) және Павел Таку (28-ші және 29-минуттар) дубль жасады, ал бір-бір голдан Александр Довгань (4-ші минутта), Лео (18-ші минутта), Илья Мун (29-шы минутта) және Николай Пенгрин (38-ші минутта) соқты. Еске салайық, Қазақстан құрамасы турнирдің бірінші ойынында Аргентинадан 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ал екінші ойында Какаудың шәкірттері екінші кезеңде Коста-Рика құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан құрамасы алты ұпаймен Е тобында екінші орын алды. Бірінші орынды топта Аргентина құрамасы 7 ұпайымен алып отыр.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




