Өңір тұрғындары «Нұр Отан» партиясына үлкен сенім артады. Себебі, көшбасшы партия әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға баса көңіл бөлуде. Осы мақсатта партияның облыстық филиалы депутаттар немесе белгілі бір мекеме басшысының қатысуымен қоғамдық қабылдаулар өткізеді.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен қоғамдық қабылдауды осы жолы облыстық мәслихаттың депутаттық фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіров өткізді. Бірқатар азаматтармен жүздесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады. Қабылдауға жазылған Жанар Жақыпова есепші мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтты. Алматы қаласындағы жоғары оқу орнын бітірген бағдарламашы Азамат Зәуірбеков те жұмыс таппай қиналып жүр екен. Депутат жас маманды «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ақысыз тәжірибеден өтуге шақырды. Үдеден шығып жатса, жұмысқа алуға уәде берді. – Мен 4 баланың анасымын. Атам мен енем І-ІІ топ мүгедектері. Күйеуім көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Оның 35 мың теңге еңбекақысы құлайын деп тұрған үйімізді жөндеуге жетпейді. Күн болса салқындап келеді. Сондықтан, сіздердің көмектеріңізге жүгінуіме тура келіп тұр, – дейді қала тұрғыны Зәуре Мамытаева. Тұрғындардың мұң-мұқтажына депутат мүмкіндігінше қолұшын созып, көмектесетінін жеткізді.
Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




