«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кандидат тарды іріктеу тетіктері көбейген

Кандидат тарды іріктеу тетіктері көбейген
ашық дереккөз
Кандидат тарды іріктеу тетіктері көбейген

судья – әділдіктің айнасы болуы тиіс

Қазіргі кезде сот жүйесі жаңа реформадан өтуде. Оның негізгі қадамдары Елбасы ұсынған «100 нақты қадам»: Бес реформа – Ұлт жоспарында белгіленіп, нақтыланған. Міндет – айқын, ол – заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сот төрелігіне азаматтардың қолжетімділігін арттыру. Қазан айында Астана қаласында өтетін Қазақстан судьяларының кезектен тыс VIІ съезінің қарсаңында республикамызда сот жүйесіндегі өзгерістерді талқылай келе, қордаланған мәселелер зерделеніп, оларды еңсерудің нақты бағыттарын айқындаған судья әдебі туралы Кодекстің жаңа нұсқасы, жобасы дайындалды. Аталмыш кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына, БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясының және «Сот жүйесінің тәуелсіздігінің басты қағидаларына», судьялардың Банголор қағидаларына сай мінез-құлықтарының әдебі туралы стандартқа сүйене отырып жасалған. Аталған жобада судьялардың мінез-құлықтарының үлгілерін орнықтыру мен сот тәуелсіздігін және оған деген құрметті нығайтудың, әдеп, адамгершілікті сақтаудың бірқатар негіздері көрсетілген. Қазақстан судьяларының VI cъезінде Елбасы: «...Біз ұлттық сот жүйесін тек әділдікке негіздеп, заңға ғана бағынатын, заман талабына сай қалыптастыруымыз қажет. Құқық жоқ жерде бостандық та, демократия да жоқ» деген еді. Заң үстемдік құрған елде тұрғындардың құқықтары бұзылмайды, әділдік салтанат құрады. Сот төрелігі айқын әрі әділ болған жерде – заң үстем. Сондықтан, Мемлекет басшысы судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейтуді тапсырды. Судья – әділдіктің, заңдылықтың айнасы, ал оның әдептілігі мен бет-бейнесі, түр сипаты, өзін-өзі таныту жолындағы іс-әрекеті, тура ұстаған жолы, адамгершілік пен парасаттылық қасиетінен көрінеді. Сот талқылауындағы судьяның адамгершілігі – қалыптасқан ережелерді мүлтіксіз орындауы. Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі. Қоғам адамнан кейбір нәрселерді орындауды талап етеді, бұл талаптар орындалмайынша адам сол қоғамнан өзіне тиісті орнын таба алмайды. Сол себепті әркім қоғамдық қағидалармен санасуға тиісті, яғни өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, оны адал орындауы қажет. Сот төрелігі – осындай арақатынас формаларының бірі. Оны қоғамдық құқықтық құндылық ретінде қабылдау үшін ол әділдік, бейтараптылық, тәуелсіздік, теңдік, жауапкершілік, адамгершілік сияқты жалпы қабылдаған этикалық талаптарға сай болуы тиіс. Сондықтан, әділсотты ұйымдастыруға байланысты барлық процестер, яғни сот актілерін сұрыптаудан бастап жаңа сот институттарын құруға дейін адамгершілік-этикалық негіздерге сүйенуі керек. Сот төрелігінің адамгершілік-этикалық негіздерін анықтау үшін өнегенің жалпы мойындалған нормалар жүйесін және әділсотты жүзеге асыру бойынша құзыреттерді реттейтін, сот және сот этикасының ерекшелігін анықтайтын өнегелі құқықтық сипаттағы жазбаларға жүгінген жөн. Сот талқылауы барысында төрағалық етуші судья – судья әдебі ережелеріне сәйкес өзін шыдамды, байсалды көрсетуге міндетті. Өз кезегінде қатысушылар да төрағалық етуші судьяны сыйлап құрметтеуі қажет. Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің ережелеріне сәйкес судья сот залына кіріп келгенде құрмет көрсетіп, барлық сот залындағы қатысушылар орындарынан тұруы тиіс. Жалпы, құқықтық сана, әділсоттың өнегелі этикалық негіздері сот этикасы тұрғысынан қарастырылады. Сот ісін жүргізудің өнегелі негіздеріне арналған салалық зерттеулерде «сот этикасы» мен «соттық этика» түсініктері сабақтастырылған. Әрине, екі түсінік те әділсоттың өнегелі негіздерінің элементі болып табылатынына қарамастан, әрқайсысы өз алдына екі бағыт. Сот этикасы сот ісін жүргізудің өнегелі негіздерін өңдейді, онда сот процесінің барлық кәсіби қатысушыларының – соттардың, қорғаушының, прокуратураның, мамандардың, мінез-құлықтарын қалыптастыратын қағидалар жазылған. Ал соттық этикада соттардың кәсіби және жұмыстан тыс мінез-құлықтарының этикалық нормалары нақтыланған. Соттардың қызметтері мемлекеттік сипатқа ие, ол азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің негізгі құқықтары мен мүдделерін қарастырады. Сондықтан, бұл қызметті жүзеге асыратын азаматтар өздері жасаған іс-әрекеттері мен шешімдері үшін жауапты. Іс бойынша төрағалық етуші судьяның адамгершілігі оның ар-ожданы, жауапкершілігі, жоғары құқықтық білімі, құқықтық санасының қалыптасуы арқылы көрініс табады. Яғни, сот ісінде кез-келген істі шешуде тек кәсіби білім ғана емес, судьяның құқықтық мәдениеті мен адамгершілік қағидалары үлкен рөл атқарады. Сот әдебі туралы кодекстің жобасында көзделгендей, әркім өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғай алады. Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау міндеті Қазақстан Республикасы атынан сот төрелігін жүзеге асыратын судьяға жүктелген. Ол сот төрелігін жүзеге асыруда тек Конституция мен заңға бағынуы тиіс. Судьяның адамгершілік және моральдық-әдептік бейнесін сақтауда қойылар талаптар жоғары.

Азамат Тлепов, облыс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, облыстық сот әдебі комиссиясының төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар