Іс-шара Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылып, оған құқық қорғау органдарының өкілдері, әлеуметтік сала мамандары және жастар қатысты. Кездесу барысында қоғамдағы заңдылықтың маңызы, тәртіпті сақтау мәдениеті, отбасылықтұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық және буллинг мәселелері кеңінен талқыланды. Сондайақ қатысушылар назарына буллингтің зардаптары туралы бейнематериал ұсынылды.
Ресми деректер бойынша, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің 82 пайызы әйелдерге қатысты жасалады. Жәбірленушілердің 33,7 пайызын балалар, 13,4 пайызын – қарттар құрайды. Өткен жылы осындай санаттағы 3,4 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелген. Сонымен бірге әлемде әрбір үшінші жасөспірім мектепте буллингке ұшырайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 17,5 пайызға жеткен. Аталған мәліметтер құқықтық тәрбие мен қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін көрсетті.
Жиында Тараз қалалық полиция басқармасының қызметкерлері – ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Арайлым Ізбасар, отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшесінің аға инспекторы Аяулым Байшора және халықпен профилактикалық жұмыс маманы Әлия Турабаева баяндама жасады. Сондай-ақ заңгер Абдукаримсати Ерланұлы мен әлеуметтік қызметкер Мақпал Нұсқабаева заңдық сауаттылық пен қоғамдағы жауапкершілікті арттырудың жолдарына тоқталды. Спикерлердің сөзінше, «Заң және Тәртіп» қағидаты – мемлекеттік бақылауды күшейту, құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз ету және әділдікті нақты іспен дәлелдеу бағытындағы басты бағдар.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған арнайы басқарма құрылған. Іс-шарада әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ілімі де айтылып, жас буынға құқықтық әрі адамгершілік тұрғыда дұрыс тәлім берудің маңыздылығы атап өтілді. Жиын соңында ұйымдастырушылар заң үстемдігін қамтамасыз ету тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті екенін айтты.
Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік заңға құрметтен басталатыны, әрбір адамның жауапкершілігі ортақ игілікке әсер ететіні ерекше атап өтілді.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- Бүгін, 06:26
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
- Бүгін, 06:16
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




