Жалпы, тараптар арасында туындаған дауды шешудің ең жақсы, тиімді тәсілі – медиация тәртібінде, бітімгершілікпен шешу екендігі мәлім. Татуластыру рәсімдерін жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексі, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-проце стік кодексі және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен қарастырылған. Тараптар сотқа жүгінген уақытта азаматтық, қылмыстық және әкімшілік, әкімшілік рәсімдік істерді өндіріске қабылдау және қарау кезінде де жүргізіліп жатқан өндірістің кез келген сатысында келісіммен аяқтай алады. Сонымен қатар медиация арқылы тараптардың татуласуы судьяларға түсетін жүктеменің де төмендеуіне әсерін тигізетіні анық.
Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар арасындағы дауды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған тұлғаның жәбірленушімен татуласу жолымен реттелген келісімді білдіреді. Келісім ҚПК-мен көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын немесе оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жай болып табылады. Ал дауды реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді. Әрине, медиацияны қылмыстық істердің барлық санатына қолдануға жатпайтынын ескеру қажет, яғни онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және де сотқа дейінгі дауларды шешуге, сонымен қатар атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар бойынша қолдануға болады. Мысалы, егер тараптар арасында дауды реттеу туралы келісімге қол жеткізілсе, татуластырушы судья тараптар қол қойған келісімді бекітіп, сот ұйғарымын шығарып, іс тоқтатылады.
Өкінішке қарай, қазіргі таңда қоғамда жасөспірімдер арасында да қылмыстар, әкімшілік құқықбұзушылық көп орын алуда. Мәселен, облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2025 жылдың 11 айында барлығы 57 қылмыстық іс, 86 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істер қараса, оның ішінде 24 қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мен сотталушының татуласуларына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған. Яғни, сотталушы жәбірленушіге келтірген зиянды толық өтеуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылған.
Жалпы, тәжірибеге сүйенсек, кәмелетке толмаған кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды, түсінбейді, жеткілікті ұқпайды. Сол себептен, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмысын ерте кезеңде алдын алудың және оны болдырмаудың негізгі құралы ретінде әрбір отбасында ата-ананың балаларына дұрыс тәрбие беруі, жүріс-тұрысына күнделікті бақылау жүргізуі, өсіп келе жатқан жасөспіріммен жақын және ашық түрде сөйлесіп, оның айналасындағы достары мен таныстары туралы хабардар болуы абзал.
Дәурен БАЙНАЗАРОВ
облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




