Кездесудің мақсаты – экономикалық тергеп-тексеру органдарының қызмет барысымен және қаржылық сауаттылықпен таныстыру арқылы жұмысқа орналасу үшін үміткерлерге қойылатын талаптармен таныстыру болды. Облыс бойынша экономикалық тергеу департаменті криминалистік бөлімінің басшысы Мақсат Байдалиев жастардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ интернет желісінде құқыққа қарсы контент жарияланымдарының алдын алу негіздерін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ «Заң және тәртіп: Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады, дропперлер кім, заңды қалай бұзбауға болады және басқа кеңестер» тақырыбында әңгіме өрбітті. Несие алу үшін бет-пішінінің биометриясы алынушы еді деп ойлаймыз. Бірақ айлакерлер үшін бұл түк емес екен. Енді дроппер деген шықты. Ол кім? Адам дроппердің құрбаны болмас үшін не істеу керек?
– Құрметті ата-аналар, үйдегі балаларға, әсіресе, студенттерге мына жағдайды мұқият ескертіп қойыңыздар. Ел ішінде өзінің банк картасын «жалдап» қоятын жастар көбейіпті. Жеңіл ақшаның буына мастанған балалар оның салдары болатынын, кейін қылмыстық жауапқа тартылатынын біле бермейді. Бала түгілі үлкендердің өзі де білмеуі мүмкін. Оны дроппер дейді. Бүгінгі күні барлық банктен ата-ана мектеп жасындағы балаларына банк карточкасын ашып қойған. Жолай дүкеннен керегін алсын деп артық тиынтебен салып қоямыз. Мәселе баланың карточкасында. Банк картасын жоғалтып алған жағдайда, не ұрлатып алғанда ата-ана шапшаң қимылдап, картаны жаптырғаны дұрыс. Олай болмаса карточканың сыртқы-ішкі құпия сандарын алаяқтар әжетіне жаратады. Бала тұрмақ, ересектерді алдайтын ойындар, джекпоттар, ұтыс түрлері деп телефоныңызға код келуі мүмкін. Мұндай смстерге жауап қатпаған дұрыс. Жыл сайын емес, алаяқтардан айла күн сайын артылмауда. Олар қоғамның әлсіз жандарын, соның ішінде балаларды да аямауда. Енді дроппер деген кім? Дроппер немесе дроп – бұл алаяқтар ұрлаған ақшаны өзінің банк картасы арқылы өткізетін адам. Кейде карточкасын үшінші тұлғалар пайдаланғанын білмеген адам алаяқтық ныс анына айналуы мүмкін. Осылайша, дроп өзінің қылмыстық жүйеге тартылғанын әрдайым түсіне бермейді, өйткені алаяқтар әдетте өз әрекеттерін «заңды бизнес» ретінде жасырады. Алаяқтар ондай қызметті интернетте, мессенджерлерде ұсынады. Ондай қылмыс қалай жасалады? Интернеттен хабарлама көресіз. Онда банк картасы бар адамдарды жақсы ақыға «жұмысқа» шақырады. «Жұмыс берушіге» карта деректеріңді бересің, ол өзгелердің сыртынан кредит рәсімдеп алған ақшаларын сенің шотың арқылы айналдырады. Сол қызметіңе жақсы пайыз уәде етуі мүмкін. Былай қарасаң, оп-оңай, қиналмайтын, тез ақша әкелетін жұмыс. Жастар жағы осыған тез алданып қалып жатыр. Бірақ транзакцияда «із» қалатынын ескеру керек. Күні ертең алаяқтық жолмен біреудің атына алынған кредит сіздің (немесе баланың) банктік шотыңыз арқылы шешілген/ аударылған болса, кінәлі шот иесі болып шыға келеді. Сол кезде сот сізді кінәлі етіп, шығынды мойныңызға іледі. Осындай жағдай қазірдің өзінде болып жатыр. Республиканың Жоғарғы соты 19 жастағы екі дроппер-студенттің атына шағым түскенін растап отыр, – дейді экономикалық тергеу департаменті криминалистік бөлімінің басшысы Мақсат Байдалиев.
Кездесу барысында әлеуметтікмәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы сөз алып, студенттердің құқық қорғау органдарында қызмет етуге деген белсенділігінің жоғары екенін жеткізді. Жаһандық мәселеге айналған заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияның алдын алуға, құмар ойындарына қарсы мінез құлықты қалыптастыру жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар аталған тақырып аясында қызмет атқаратын ұйымдардың мәртебесін көтеру үшін алдағы уақытта департамент өкілдерімен тренинг өткізуге ұсыныс тасталды.
Интернет алаяқтыққа кез келген адам тап болуы мүмкін. Осы жағдайды үйдегі балаларға қатаң ескертіп, ұлды да, қызды да оңай табыс табудан аулақ жүруге үгіттеңіз. Банктік картамызға ие болайық, халайық! Кездесу соңында көрермендерге арнайы видеороликтер көрсетіліп, спикерлермен студенттер еркін форматта пікір алмасып, естелік суретке түсті.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- Бүгін, 06:26
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
- Бүгін, 06:16
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




