Денсаулық
Елбасы Зүлфия Ғабидуллинаны Паралимпиаданың тұңғыш алтынымен құттықтады
- author «Ақ жол»
- 9 қыркүйек, 2016
- 606
Елбасы Зүлфия Ғабидуллинаны Паралимпиаданың тұңғыш алтынымен құттықтады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Зүлфия Ғабидуллинаға Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы барша қазақстандықтар атынан Ғабидуллинаны суға жүзу сайысында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады. «Сен ел тарихында Паралимпиада ойындарындағы тұңғыш медальға қол жеткізіп, халқымыздың мерейін арттырып, зор қуанышқа бөледің. Халқың сені Қазақстанның атын әлемге әйгілі еткен мықты спортшы ретінде таниды. 100 метрге еркін стильмен жүзуден әлем рекордын жаңартып, алтын жүлдеге қол жеткізген бүгінгі жеңісің соны тағы бір дәлелдеді. Бұл жеңісің жылдар бойғы қажырлы еңбегіңнің жемісі деп білемін», – делінген жеделхатта. Қазақстан Президенті спортшыға зор денсаулық тілеп, келешекте жаңа белестерді бағындыра беруіне ниеттестік білдірді.ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




