Құқық
Қайтқан малда қайыр бар Әблязов жымқырған қыруар қаржының 1,4 миллиард доллары қайтарылды
- author «Ақ жол»
- 8 қыркүйек, 2016
- 768
Қайтқан малда қайыр бар Әблязов жымқырған қыруар қаржының 1,4 миллиард доллары қайтарылды
БТА банк 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов жымқырған 1,4 миллиард долларды қайтарып алды. Бұл туралы қаржы ұйымының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін басшылықтың (Кеңес Рақышев) қатысуымен, банк біршама қарыз активтерді (1,4 миллиард АҚШ долларын) қайтарды. Рақышев мырзаның БТА-ның басшылық тобына келуімен активтерді қайтару ісі ілгеріледі. Ұлыбритания мен Уэльстің Жоғарғы сот үкімін орындау барысында, Ресей Федерациясының, Украинаның және Қазақстан Республикасының сот шешімдеріне орай, БТА банкке тиесілі мүліктер мен қаражаттар қайтарылды», - деп жазылған «БТА банкі» АҚ-ның хабарламаcында.
Негізі Ұлыбритания соты Әблязовты БТА банкіне пайыздық есеппен 4,8 миллиард долларды қайтарады деп үкім шығарған болатын. «Біз барлық сот шешімдерін қолдаймыз. Олар кезінде Әблязов жымқырған БТА банкіне тиесілі қаражаттарды банкке қайта қайтаруды көздеп отыр. Банк те соған мүдделі. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады», – дейді банк өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




