Әлеумет
Мәжiлiсмендер жүргізушілер үшін айыппұл көлемін азайтуды ұсынды
- author «Ақ жол»
- 7 қыркүйек, 2016
- 294
Мәжiлiсмендер жүргізушілер үшін айыппұл көлемін азайтуды ұсынды
Мәжiлiс депутаты Мұхтар Тiнiкеев төменгi палатада өткен «Жол жүрiсi туралы» ҚР Заңына өзгерiстер енгiзу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында көлiк жүргiзушiлерiне салынатын айыппұл көлемiн азайтуды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz.
«Көрiнбейтiн немесе стандарт талаптарына сай емес орнатылған көлiктердiң мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерi үшiн салынатын айыппұл көлемiн бес айлық есептiк көрсеткiштен үш АЕК-ке азайту керек. Бас прокуратураның департамент басшысы Әсет Тендалиевтiң мәлiметiне сүйенсек, экономикалық жағдайға байланысты халық табысы азайған. Соңғы 15 жылда кейбiр айыппұлдардың көлемi 25 есеге артқан, ал халық табысы тек 7 есеге көбейген. 2001 жылдан берi айыппұл көлемi 15 мың теңгеден 396 мың теңгеге артқан. Ал орташа айлық жалақы көлемi 17 мың теңгеден 124 мың теңгеге дейiн көбейген. Жыл сайын есептiк көрсеткiштер өзгере бередi, ал еңбекақы сол күйiнде қалып отыр», - дедi депутат.Халық қалаулысының айтуынша, 2016 жылдың 6 айында 389 мың 374 құжат өндiрiске түстi. Олардың iшiнде 3,8 млрд теңге 210 мың 237 мың құжат орындалды.
«МАИ қызметкерлерi не үшiн айыппұл салады? 828 мың 900 азаматқа МАИ қызметкерлерi айыппұл салған. Бұл оқиға орнында ақша бергендердi есептемегенде... IIМ министрi соңғы үш жылда жол ережесiн бұзушылықтар азайды дейдi. Бұл азайғандық емес, бұл сол жерде пара беру. Сондықтан, айыппұл көлемiн азайтуды немесе мүлдем алып тастауды ұсынамын», - дедi М.Тiнiкеев.Халық қалаулысы көлiктегi нөмiр белгiлерi көрiнбей қалса, үлкен айыппұл салмас бұрын жолдардың сапасына назар аудару керек дедi. Сондай-ақ, депутат Омархан Өксiкбаев жол айрықтары мен жолды кесу ережелерiн бұзғандарға салынатын айыппұл да 5 айлық есептiк көрсеткiштен 3 АЕК-ке дейiн азаюы керек деп есептейдi. Бүгiн қарастырылған заң жобасы бойынша ҚР «Жол жүрiсi туралы» және Әкiмшiлiк құқықбұзушылықтар туралы кодекстiң бiрқатар нормасына 15 түзету енгiзу көзделген. Заң жобасында негiзiнен жол жүру құқығын бұзу ережесiне қатысты кейбiр нормаларды жұмсарту мен айыппұлдарға қатысты мәселелер қаралуда.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді