Тұралаған туризмге ЭКСПО екпін берcе игі...
Елімізге өткен жылы 6,4 млн шетелдік келгенімен, оның небәрі 70 мыңын ғана туристер құраған екен.
Қазақ даласына табан тіреушілердің бір-ақ пайызы саяхаттау мақсатын көздегеніне қарап, бұл саланың тым қатты тұралап қалғанын байқауға болады. Ал, мұндай аяңмен қонақтарды асыға күтіп, қоржын толтыруды әрі жақсы атты шығаруды жоспарлаған ЭКСПО көрмесін қалай өткіземіз? Оның үстіне дәл қазіргідей қаржылық дағдарыс тұсында Астананы бетке алатындардың қатары қаншалықты қалыңдайды? Сондықтан да ең әуелі Үкіметке туризм саласын жеделдете дамыту керек болып тұр, деп жазады «Айқын».
Кеше Астанада өткен «ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қоғамдық кеңестің үшінші отырысында сөйлеген «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов өзінің алаңдаушылығының негізсіз емес екендігін деректермен дәлелдеуге тырысты. Мәселе, дәл бүгінде 99 мемлекет өздерінің елордадағы көрмеге қатысатындығын ресми түрде нақтылаған. Ал, оның 95-і шараға жауапты комиссарларын бекітіп, қазақстандық ұлттық компаниямен белсенді түрде байланысқа түсіп жатыр. Дегенмен, қызықты тақырыпты ұсынатын көрмені тамашалайтын туристердің ағынын молайту керек.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




