Денсаулық
Нұртай Сабильянов Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды
- author «Ақ жол»
- 7 қыркүйек, 2016
- 565
Нұртай Сабильянов Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасын сайлады.
Мәселені қарау барысында депутат Шавқат Өтемісов төрағалыққа Нұртай Сабильяновтың кандидатурасын ұсынған болатын. Ашық дауыс беру барысында депутаттар кандидатты қолдап, палатаның тұрақты комитетінің төрағасы етіп Нұртай Сабильяновты сайлады. Нұртай Салихұлы Сабильянов 1962 жылдың 1 маусымында сол кездегі Семей облысы Аягөз ауданы Шынқожа ауылында дүниеге келген.
1988 жылы Алматы халық шаруашылығы инстиутын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша бітірді.
1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша тамамдаған.
1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының белсенді қатысушысы.
1994 жылдан Қазақстанның аудиторлар палатасының мүшесі. Парламенттің бірқатар шақырылымдарында депутат, соның ішінде Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болып келген еді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




