Денсаулық
Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін кандидаттардың есімін атады
- author «Ақ жол»
- 5 қыркүйек, 2016
- 688
Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін кандидаттардың есімін атады
Мехико ұлттық автономдық университетінің (Мексика) бұрынғы КСРО елдері бойынша сарапшысы, профессор Ана Гутьеррес дель Сид Өзбекстан президенті болуы мүмкін деген үш кандидаттың есімін атады», деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.
«Өзбекстан президенті атануы мүмкін үш кандидат бар. Олар: премьер-министр Шавкат Мирзиеев, бірінші вице-премьер, қаржы министрі Рустам Азимов және Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов. Осылардың ішінде Шавкат Мирзиеевтің мүмкіндігі жоғары», – дейді сарапшы.Айта кетейік, Ислам Кәрімов 27 тамыз күні таңертеңгі 09.00 шамасында ес-түссіз күйінде Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлік-санитарлық бірлестігінің Орталық клиникалық ауруханасына жеткізілген болатын. Ал 2 қыркүйек күні жүрегі тоқтап, дүниеден озды. Сенбі күні Самарқанда жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсіміне ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов қатысып, Елбасының көңіл айту хатын оқып берді.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




