Денсаулық
Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Барак Обамамен кездесті
- author «Ақ жол»
- 5 қыркүйек, 2016
- 615
Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Барак Обамамен кездесті
Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар бірқатар маңызды салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Б.Обаманың президенттігі кезінде екі ел арасындағы ынтымақтастық көптеген бағыттар бойынша, соның ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.
Б.Обама Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттары үшін жақын дос және сенімді серіктес екенін айтып, өзінің президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін де өзара тығыз іс-қимыл жасауға әзір екенін жеткізді.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті АҚШ Президенті Б.Обаманы елімізге сапармен келуге шақырды.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




