Алматы қала күнінде қонақтарға 100 тонна алма таратады

Алматы қала күнінде қонақтарға 100 тонна алма таратады
ашық дереккөз
Алматы қала күнінде қонақтарға 100 тонна алма таратады
Биыл Алматы қаласының 1000 жылдығы. Қазақ руханиятының астанасы болған алып шаһардың мерейлі мерекесі қарсаңында өтетін әдеби-мәдени іс-шаралардың қыркүйек айына арпналған ресми бағдарламасы жарияланды. Алматының 1000 жылдығын мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтары түрлі мерекелік шаралар - музыкалық фестивальдерді, көрмелерді, спорттық жарыстарды тамашалайтын болады, дейді BAQ.kz тілшісі. Бұл туралы оңтүстік астанамыздың ресми ақпараттық сайтында жарияланды. Мысалы, қалада 2, 3, 4 қыркүйек күндері Абай алаңында сағат 19.00 –де жыл сайынғы ашық аспан астындағы «Оркестрлер шеруі» VII фестивалі ашылады. Фестивалдің алғашқы күні Арман Жүдебаевтің басқаруымен және «Сазген сазы» фольклорлық –этнографилық ансамбльдің қатысуымен Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрі өнер көрсетеді. Екінші күні қала тұрығндары мен қонақтары үшін 80 жылдардың хиттері шырқалады. Композициялар Қанат Ахметовтың басшылығымен үрлемелі оркестердің орындауда жүзеге асады. Соңғы күнгі концертті Мемлекеттік академиялық оркестр қорытындылайды. 3 қыркүйекте сағат 10:00 нан 17:00 аралығында Ғылым академиясы алаңында ( Уәлиханов/Шевченко көш) III « KitapFest » алматылық кітап фестивалі өтеді. Келушілерді түрлі сюрприздер күтеді. 4 - 8 қыркүйек аралығында ЮНЕСКО аясында Халықаралық Балалар Бейбітшілікті суретке салады. Азия» атты фестиваль өтеді, оған Орта Азия мен Азия - Тынық мұхит өңірінен 7 мыңнан астам жас суретші қатысады. Қала күні 18 қыркүйек, жексенбі күні мерекеленеді. Сағат 11.00 ден 18.00 дейін жыл сайынғы «АЛМА fest -2016» фестивалі, түрі ойын- сауықтартар ұйымдастырылады. «АЛМА ОТБАСЫ» - балалар аттракционы,түрлі ойындар, отбасылық старттар, көңілді аниматорлар мұнда келгендердің бәрінің көңілін табатын болады.«АЛМА АРТ» - ашық аспан астындағы галерея. Суретшілер өз шеберліктерін ұсынады. Арнайы конкурста живописьтен бәсеке өтеді. . «АЛМА-ЭТНО» - театрландырылған қойылымда халқымыздың ұлттық дәстүрлері мен салттары көрсетіледі. Қонақтар ұлттық дәмнен ауыз тиеді. «АЛМА-ЖАСТАР» - формальді емес жастар мен түрлі субмәдени ағымдағы жастарға арналған. Көше биі бойынша арнайы конкурс өтеді. «АЛМА-КАРАОКЕ», мұнда Алматы туралы ескі әндер айтылып, ән байқауы өтеді.«АЛМА-ӘУЕН» аумағында қазақстандық өнер жұлдыздарының концерті болады. «АЛМА-БАЗАР» атты негізгі алаңда Алматы облысының 20 шаруашылығынан жеткізілген 20 түрлі 100 тонна алма келушілерге ұсынылады. Қала күні мерекесінде «Алматы Арена» Мұз сарайында ЮНЕСКО-ның, бауырлас қалалар мене өзге де делегациялар өкілдерінің қатысуымен «Алматының 25 шыңы» атты мәдени шара өтеді. Мереке соңы « Apple Fire » отшашуына ұласады. Ақпарат көзі : Baq.kz. kz  

Ұқсас жаңалықтар