Денсаулық
Ислам Каримов күрделі кезеңде орнықты мемлекет құра алды - Камал Бұрханов
- author «Ақ жол»
- 3 қыркүйек, 2016
- 330
Ислам Каримов күрделі кезеңде орнықты мемлекет құра алды - Камал Бұрханов
Ислам Каримов күрделі кезеңде орнықты мемлекет құра алды. Мұндай пікірді ҚазАқпарат тілшісіне мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Камал Бұрханов білдірді.
«Мен ең әуелі тарихи тұлға, үлкен азамат, тарихта атын қалдырып кеткен тұлға - Ислам Каримовтың қазасына байланысты бір туған өзбек ағайындарға , бауырлас мемлекет жұртына қайғыра көңіл айтамын. Ол кісі күрделі кезеңде Өзбекстанды орнықты мемлекет ретінде қалыптастыруда үлкен еңбек сіңірді», деді ол.
«Біздің көршіміз Өзбекстан елі Орталық Азиядағы барлық төрт респуликамен де шекараласады. Біз көрші ел, бауырлас ұлт ретінде өзбек ағайындармен тату-тәтті өмір сүруге тиіспіз. Біздің елде де өзбек ұлтының өкілдері мекендейді. Өзбекстанда да біздің қандастарымыз тұрып жатыр. Бір өзеннен су ішіп жатырмыз. Тарихымыз бір, тілімз бір, дініміз ортақ туысқан елміз. Сондықтан біз тек екі елде қалыптасқан ынтымақтастықты одан әрі нығайта беруіміз керек», деп атап өтті Камал Бұрханов.
Еске сала кетсек, ел билігі Өзбекстан басшысының қайтыс болғанын ресми кешехабарлаған еді. Ислам Каримовты бүгін Самарканд қаласына жерлейді. Елде үш күнге созылатын қаралы күн жарияланған. Өзбекстан Президентінің денесін бүгін таңертең Ташкент көшелерімен ақтық сапарға алып өтті. Қала тұрғындары көшенің екі жағына сапқа тұрып Мемлекет басшысымен қоштасты.
Ақпарат көзі :ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді