Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті
- author «Ақ жол»
- 2 қыркүйек, 2016
- 227
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде сауда-экономика, инвестиция, көлік-транзит, отын-энергетика, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту перспективаларының кең ауқымды мәселелері қаралды. Сондай-ақ екі елдің басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге жұмыс сапарымен келуге және G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты. Елбасы ынтымақтастық орныққан жылдарда Қазақстан мен Қытай арасындағы сенімнің айтарлықтай нығая түскенін атап өтті. Өз кезегінде Қытай Төрағасы еліміздің жаһандық диалогқа елеулі үлесін қосып келе жатқанына ризашылық білдіріп, Қазақстанның өңірдің және бүкіл әлемнің экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Тараптар алдағы саммит әлемдік экономиканың бұдан арғы даму жолдарын айқындауда маңызды рөл атқарып, жаһандық экономикалық өсімнің жаңа қозғаушы күшіне айналады деп үміттенетінін білдірді. Келіссөздер қорытындысы бойынша 4 құжатқа қол қойылды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Қытай ұйымға күрделі кезеңде төраға болды. Сіздер әзірлеген күн тәртібі дамудың қазіргі кезеңінде өте өзекті. Бүгінде G20-ның экономикалық проблемаларға мән беруі бүкіл әлем үшін маңызды міндеттерді шешуге септігін тигізетін болады. Біздің байланысымыз мемлекетаралық қарым-қатынастың үлгісі бола алады. Стратегиялық серіктестіктің үлгілі моделін құрып, экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтердік. Қазақстан мен Қытайдың үкіметтері қол жеткен келісімдер қорытындысы бойынша алға қойылған міндеттерді орындау жұмысымен белсене айналысуда. Биыл біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, ал келесі жылы елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өтетін боламыз. Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы: – Былтыр осы уақытта Бейжіңде біздің кездесуіміз өтіп, оның қорытындысы бойынша қарым-қатынастың жаңа кезеңі туралы бірлескен декларацияға қол қойылған болатын. Қазір барлық саладағы екіжақты серіктестік қарқын алып келеді, оның одан әрі дамуы жолындағы міндеттер айқындалды. Біздің қарым-қатынасымыздың орнағанына келесі жылы 25 жыл толатынын ескере отырып, өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайта түсу қажет. Сондай-ақ бірлескен күш-жігер арқылы адалдық, өзара сенім, ауызбіршілік және өзара көмек рухындағы қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, стратегиялық үйлесімді, өзара тиімді ынтымақтастықты күшейте түсу керек. Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді