Денсаулық
Қарағандыда егіз ата-аналардың егіз балаларына егіз мұғалімдер сабақ бермек
- author «Ақ жол»
- 2 қыркүйек, 2016
- 219
Қарағандыда егіз ата-аналардың егіз балаларына егіз мұғалімдер сабақ бермек
Қарағандыда биыл мектеп табалдырығын аттап жатқан егіздер көп. Бір білім ошағына кемі бір егізден келсе, кейбіріне 2 немесе 3 жұптан барып жатыр. Бір қызығы қаладағы №93 гимназияға биыл келген үш егіздер жұбына егіз мұғалімдер әліпбиді үйреткелі жатыр. Бұл туралы КТКтелеарнасы хабарлайды.
Бір баланы мектепке жинауға қиналатындардың жанында, алғашқы қоңырауға артынып-тартынып келген егіздерге деген ықылас та бөлек. Аналары жетектеп келіп, айналасына үрке қараған егіздердің екі жұбы көзге оттай басылады. Томирис пен Урсуланы бантиктерінен ажыратуға келсе, егіз қозыдай екінші жұпты тек анасы таниды.
Алғашқы қоңыраудан соң сыныпқа кірген Ділназ бен Гүлназ анасынан гөрі, егіздің сыңары – әкесіне жақын. Өз басынан өткен соң қыздарының қылығы мен қызығы оған, әсіресе, ыстық. “Жас кезімізде мен білмей жатқанды қарындасым айтып, қарындасым білмегенді мен айтатынмын. Жас кезде неше түрлі болады ғой. Ұрыс, төбелес. Сондай кездерде қасымда жүгіріп жүретін”, – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Мұрат Жұмаділдин. Мектепке егіздер келсе, бірден бастауыш сыныптың мұғалімдері Салтанат пен Махаббатқа табысталады. Өйткені олар да егіздер. Бір біріне қатты ұқсамаса да бір құрсақтан қатар шыққан соң, өздері секілді егіздермен тез тіл табысады.
“Сыныбымызда казір 3 егіз бала келіп отыр. Сол егіздерді ұлды мен алайын қызды мен алайын деп екеуміз бөлістік. Дильназ Гүлназды Салтанат алды, Әдбрахим мен Абдрахманды мен алдым. Сосын Данияр мен Дилара бар оны жарайды сен алшы деп Салтанатқа бердім. Сөйтіп бөлістік. Ол да бізге қызықты. Әр жылда сынып алғанда сыныбымызда міндетті түрде егіздер болады”, – деді бастауыш сынып мұғалімдері Салтанат және Махаббат Айтбай. Ұстаздар бір құрсақтан шыққан егіздерді алғашында айыру қиынға соғатынын жасырмайды. Бірақ кемі бір жылда оларды мектептегі еден жуушыға дейін ажыратады екен. Өздеріне тән қасиеттері арқылы. Ал танымағандар үшін бірінің атын бірі жамылып, балаға тән құйтырқы әрекеттерімен мектептегі күндердің көрігін қыздыру да осы егіздерден шығады.
Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді