Денсаулық
66 жастағы ақмолалық спортшы ел чемпионатының жеңімпазы атанды
- author «Ақ жол»
- 1 қыркүйек, 2016
- 759
66 жастағы ақмолалық спортшы ел чемпионатының жеңімпазы атанды
Ақмола облысының тұрғыны 66 жастағы Валерий Карагаев Астанада өткен велоспорттан әуесқойлар мен ардагерлердің ІІ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарланды.
Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, Ресей мен Қырғызстаннан, Египет пен Франциядан келген 117 әуесқой велосипедшілер қатысқан болатын. Әртүрлі жас санаты бойынша күш сынасқан қатысушылар үш қашықтық бойынша жеңімпаздарды анықтады.
Атап айтқанда, әуесқойлар әртүрлі старттағы жеке жарыс, топтық жарыс және критериум жарысы бойынша сайысқа түскен еді.65 және одан жоғары жастағылар тобында Ақмола облысының тумасы Валерий Карагаев 9 және 20 шақырым қашықтықта ешкімге дес бермей, алтын медальді жеңіп алды.
«Салауатты өмір салтын белсенді ұстанатын Валерий Карагаев жастарға үлкен үлгі. Ол алдағы уақытта Павлодар қаласында өтетін халықаралық веложарысқа белсенді дайындыққа кірісіп кетті», - делінген баспасөз баянында.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




