Денсаулық
Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласына арналған сайт ашылды
- author «Ақ жол»
- 1 қыркүйек, 2016
- 492
Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласына арналған сайт ашылды
Қазақстанда тегін хабарландыру беретін алғашқы ауылшаруашылық порталының құрылғаны жайында бүгін бір топ кәсіпкер мәлімдеді.
«Біздің басты мақсатымыз Қазақстанға жаңа технологиялар тарту, заманауи құрал-жабдықтар алып келу және соның есебінен барынша сапалы ауылшаруашылық өнімдерін алу. Одан бөлек біздің міндетіміз өнім ысырап болмай, делдалдарсыз тікелей жеткізілуі үшін өндіруші мен тұтынушы арасында тікелей байланысты жолға қою болып табылады», - деді «ҚазАгро- Вет-Снаб» ЖШС бас директоры және портал иелерінің бірі Сержан Тастанбеков.Сайтты құрушылар Қазақстанның аумағымен ғана шектеліп қалмай, аймақтың барлық елдерін қамтуға ниеттеніп отыр. Алдағы жоспарда – бүкіл әлем бойынша тұтынушыларға ыңғайлы, әлемдік нарыққа бағдарланған ақпарат тарату міндеті тұр. Сайтты жасаушы Бейімбет Дәрібаевтың айтуынша, 2017 жылдан бастап портал үш тілде, сондай-ақ мобильдік қосымша арқылы қолжетімді болады. Қазірдің өзінде сайтта төрт бөлім бойынша хабарландыруларды тегін орналастыру мүмкіндігі бар: мал шаруашылығы, егіншілік, арнайы техника және логистика. Жобаның жетекшісі Фархад Нәлібаев ауылшаруашылық өнімдері саудасын біртіндеп онлайн-режімге көшіруге мүмкіндік беретін, тәулік бойы жұмыс істейтін форумды іске қосу жөніндегі жоспарлары жайында айтып берді. Оған қоса, 2017 жылдан бастап сайтта Қазақстанның ауылшаруашылық саласындағы компанияларының базасы құрылады.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




