Депутаттар биыл қай жерде демалды?
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында журналистерге сұxбат берген депутат Майра Айсина xалық қалаулылары жиі демалатын орындарды атап берді. Оның айтуынша, Қазақстанда әлі де қызмет көрсету сапасын жетілдіру керек, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Енді, бізде Бурабайда, сосын Есентуки және мынау Алатау.... Биыл біз Есентукиге үшінші рет барып келдік. Сол үш рет барса, денсаулыққа жақсы әсер етеді дейді», - деді М.Айсина.Дегенмен, кейбір жерлердің қызмет көрсету сапасына депутаттың көңілі толмайды.
«Шынын айту керек, былтыр мен Алакөлге барып келдім. Екі жұмадай болдық. Енді, суы жақсы, адамдары жақсы. Бірақ сервис жоқтың қасы. Сондықтан екі жұма әзер шыдадық. Дегенмен, бір топ депутаттармен әдейі барып көргеніміз дұрыс болды. Кәсіпкерлердің көқарасын өзгерту керектігін түсіндік. Оны айттық та. Әйтпесе, олар xалық әйтеуір келеді деп, бәрін қалай болса, солай жасай салады екен», - деп атап көрсетті депутат.Оның айтуынша, аталған сапардан кейін депутаттар Үкіметтің атына сауал жолдап, Алматыдан қатынайтын поезд бен Семей жақтан ұшатын рейсті қайта қалпына келтірді. Дегенмен, Алакөлге баратын жолдың сапасы әлі де нашар болып тұр. Оны да депутаттар біліп отыр.
Ақпарат көзі: bAQ.KZ
Ұқсас жаңалықтар
70 жасың құтты болсын, жан анам
- 31 қазан, 2024
Облыста тұңғыш рет күрделі ота жасалды
- 31 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді