ҚМДБ: Құрбан айт 12 қыркүйекте басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Халықаралық астрономиялық зерттеу орталығының мәліметін негізге ала отырып, осы жылы Құрбан айт мерекесі қыркүйек айының 12-сі күні басталатынын хабарлайды.
Құрбан айт, ораза айт, намаз, ораза, қажылық сынды құлшылықтардың мерзімі мен уақытын анықтауда астрономиялық есептерге жүгінуге рұқсат етіледі.
Ал 11 қыркүйек, яғни айттан алдыңғы күн - арапа. Арапа - қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту - мұстахаб (жағымды) амал.
Әбу Қатада риуаят еткен хадисте: «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады...» делінген.
Жағдайы бар əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу - уəжіп, мұсылмандық міндет.
Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Ал қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады.
Құрбандық етін үшке бөліп, таратады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
70 жасың құтты болсын, жан анам
- 31 қазан, 2024
Облыста тұңғыш рет күрделі ота жасалды
- 31 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді