Елбасы депутаттарға: Демалып, күш жинап келдiңiздер
Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев VI шақырылымдағы Парламенттiң екiншi сессиясын ашып, депутаттық корпусқа сәттiлiк тiледi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
"Жер-жерде сайлаушылармен кездесiп, халықтың хал-ахуалын бiлiп, сөйлесiп, бiрталай жаңа ой-пiкiрлер жинақтаған шығарсыздар деп мен сенемiн. Оның үстiне мүмкiндiгiнше демалып, күш жинадыңыздар. Сондықтан жұмысқа бiрге кiрiсiп, елiмiз үшiн жұмыс iстейiк", - дедi Н.Назарбаев.Елбасы биылғы сессияның қастерлi Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдығын тойлайтын кезеңге тұспа-тұс келiп отырғанын ерекше атап өттi.
"Қазiр әлемде аса күрделi кезеңдердiң бiрiн бастан кешiрiп отыр. Шекара талғамайтын терроризм мен экстремизм дүниенiң барлық қиырын шарпып келедi. Мұның бәрi жаһандық әлемнiң ажырамас бөлiгi - Қазақстанға да ықпалын тигiзбей қоймайды. Соған қарамастан бiз заманның сындарлы қатерiне лайықты жауап беру үшiн зор қызметтер атқарып келе жатырмыз", - дедi Мемлекет басшысы.Айта кетейiк, бүгiн Қазақстан Парламенті VI шақырылымының екiншi сессиясы өз жұмысын бастайды. Жаңа жасақталған Парламенттiң бiрiншi сессиясы биылғы жылдың 25 наурызынан 30 маусымға дейiн созылған болатын. Бірінші сессияда жалпы 3 бірлескен отырыс, Мәжілісте 12 және Сенатта 6 пленарлық отырыс өттi. Парламентке 42 заң жобасы ұсынылған, оның 18-і өткен шақырылымнан ауысқан құжаттар болса, 24 заң жобасы осы сессия жұмысы барысында түстi. Сондай ақ, депутаттардың өздері 7 заң жобасына бастама болған. Сессия барысында Мәжiлiс 13 заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберген. Жалпы, Парламент 12 заң қабылдады. Еске салсақ, биыл 20 наурызда Мәжіліске кезектен тыс сайлау және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша Парламентке «Нұр Отан», ҚКХП, «Ақ жол» саяси партиялары өтті және Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
70 жасың құтты болсын, жан анам
- 31 қазан, 2024
Облыста тұңғыш рет күрделі ота жасалды
- 31 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді