«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жалғызбасты ана сегіз баламен далада қалуы мүмкін

Жалғызбасты ана сегіз баламен далада қалуы мүмкін
ашық дереккөз
Жалғызбасты ана сегіз баламен далада қалуы мүмкін
Шымкенттік жалғызбасты ана сегіз баламен бірдей далада қалуы мүмкін. Көпбалалы келіншек 20 жылға жуық баспанаға қол жеткізе алмай жүр. Жақында жарынан ажырасып, туғандарынан қол үзген Кенжегүл Қарымбаеваға қала басшылығы кезекті күт дегеннен артық жауап айтпайтын көрінеді. Тентіреп қалған отбасы шарасыздан Астанаға келіп премьер-министрге хат жолдады. Сегіз бүлдіршін, бір үйдің балалары. Бүгін елордаға алғаш рет келді. Бірақ жұрт сияқты Астана аралап, Бәйтерекке мінген бала жоқ, анасының соңынан ерген сегізі де Вокзалдан тікелей үкіметке аттанды. Сегіз баламен далада қалған келіншек осы күнге дейін туыстарында тұрып келген. Туғандары үйді босат деген соң тентіреп қалған келіншек үкіметтен ғана үмітті. Себебі қала басшылығы пәтер түгіл, жер телімін де татырмай отыр екен. Алтын алқаның атынан басқа артық пайдасы жоғын айтып ашынған ана енді жанайқайын қағазға жазып өкіметке жолдады. Балаларымды далада қалдырмаймын деп отыр. КЕНЖЕГҮЛ ҚАРЫМБАЕВА, "Алтын алқа" иегері: - Аштық жариялап жатып алуға дейін барамын. Не істеймін басқа? Көмек беретін әке-шешем де жоқ, туысқаннан ешкімнен жәрдем жоқ Ал Шымкенттегі тұрғын үй басқармасындағылар кезексіз ешкімге пәтер берілмейді дейді. 8 мыңыншы болып тіркелген Кенжегүл Қарымбаеваның кезегі қашан келетінін де олар білмейді. ЖҰЛДЫЗАЙ ОРДАБЕКОВА, Шымкент қаласы тұрғын-үй қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі: - ҰОС ардагерлері, мүгедектер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар ғана бірінші кезекте тұрғын үймен қамтылуға құқығы бар. Көпбалалы отбасыларға басымдық берілмеген. Өзіміздікілер өзектен тепкеніне ашынған ана шетелдіктер үй алып береміз дегенде намыстан бас тартқанына енді оңбай өкініп отыр. КЕНЖЕГҮЛ ҚАРЫМБАЕВА, "Алтын алқа" иегері: - Мен просто өзімнің ұлтым қазақтың батыр анасы дегенді, көпбалалы анасы дегенді не еткім келмеді, өз ұлтымды сатқым келмеді. Өз облыс әкімім, қала әкімім бар ғой деп өзге ұлттан көмек сұрауға батылым жетпеді. Сегіз баламен тентіреп қалған ананың ендігі сенері елдің жоғарғы билігі мен жомарт жандар ғана. ӘЛИЯ ӘШІМ, Тілші: - Қыздар мектепке дайынсыңдар ма? Жоқ! -Ертең 1-қыркүйек , бірақ 6 бала ертең мектепке бармайды. Себебі басқайғы бөлек-баспана алу. Ал Кенжегүл апай қанша қиын болса да жалдамалы пәтерге күніне 6 мың теңге төлеп, Астанада қалып биліктегілердің жауабын күтуге мәжбүр.

Ақпарат көзі: Alashainasy.kz 

Ұқсас жаңалықтар