ОҚО-да шенеуніктер бас дәрігерлерден пара алған
ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті ОҚО бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары, тергеу нұсқасы бойынша, облыстың 60-тан астам медициналық мекемесінің бас дәрігерлері мен есепшілерінен жүйелі түрде «қамқорлығы» үшін пара алып тұрған.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның ОҚО бойынша департаменті жемқорлық құқық бұзушылық фактісін анықтап, оған облыстың Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті департаментінің лауазымды тұлғаларының қатысы барын әшкереледі» деп хабарлайды ведомство.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті департаменті төрағасының орынбасары Қалыбекова Б. мен бөлім жетекшісі Жұмақов О. есімді азаматты бірнеше мәрте пара алу фактісі бойынша ұстаған болатын.
«Тергеу барысында лауазымды тұлғалар қылмыстық сөз байласу арқылы жүйелі түрде 60-тан астам медициналық мекеменің бас дәрігерлері мен есепшілерінен пара алып келгені анықталды. Сол үшін олар қаржыландыру және ай сайынғы есепті тапсыру кезінде «қамқорлық» жасаған» делінген ведомство мәліметінде.
Пара көлемі мекеменің бюджет көлеміне байланысты 5 мыңнан 100 мың теңге аралығында болған. Ал Қалыбекова Б. мен Жұмақов О. заңсыз еншілеген қаржы сомасы 993 мың теңге болған.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




