«Болашақ» – болашаққа бастар жол
Жаңатас қаласында 280 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке қатысып, тұрғындарды жаңа мектепке дейінгі мекеменің ашылуымен құттықтады. Бұл жаңатастықтар үшін жаңа оқу жылының қарсаңындағы ерекше тарту болды.
Құрылысқа жауапты бас мердігер «АрайСтройМаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысанды уақытысында пайдалануға беріп, балабақша кезегінде тұрған бүлдіршіндерді қуанышқа кенелткенін айта кетуіміз керек. Мектепке дейінгі мекеме құрылысына қажетті қаржы Ұлттық қордан бөлінген.
Жиында «АрайСтройМаркет» серіктестігінің өкілі құттықтау сөз сөйлеп, жаңа балабақша меңгерушісі Сейне Ахметоваға символдық кілтті табыс етті. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байтуған Рыспанов бұл балалардың болашағы үшін жасалған қамқорлық екенін сөз етіп, облыс басшыларына алғыс айтты.
Аты айтып тұрғандай, «Болашақ» балабақшасы болашаққа бастар жол болары анық. Жаңаның аты жаңа емес пе?! Балабақша ғимаратының іші толықтай заманауи технологиялармен жабдықталған. Бүлдіршіндердің ой-өрісін жетілдіруге мүмкіндік мол. Сәулеті алыстан көз тартады. Ішкі бөлмелердің безендірілуі де айрықша.
Дариха Пазылбекқызы, журналист.
Сарысу ауданы.Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




