Apple компаниясына 13 миллиард еуро айыппұл салынды

Apple компаниясына 13 миллиард еуро айыппұл салынды
ашық дереккөз
Apple компаниясына 13 миллиард еуро айыппұл салынды
Apple төңірегінде дау-дамай туындады.

Еурокомиссия компаниядан Ирландияға 13 миллиард еуро айыппұл төлеуді талап етіп отыр. Тергеу кезінде америкалық компания Ирландияның жеңілдетілген салық жүйесін заңсыз пайдаланғаны анықталды. Жылдық табысы 16 миллиард еуроны құрайтын компания үшін бұл айтарлықтай қиындық тудырмайды дейді сарапшылар. Алайда әйгілі корпорация бұл шешіммен келіспейді. Аррle-ге қатысты 2014жылы басталған тергеу амалдары аяқталды. Еурокомиссия әйгілі компаниямен бірге Ирландия билігін де айыпты деп отыр. Себебі бұл елде Apple жеңілдетілген салық бойынша жұмыс істеп келген. Мәселен, негізгі кіріске салынатын салық мөлшері 12,5% болуы тиіс. Ал америкалық компания осы уақытқа дейін соның тек бір пайызын ғана үкіметке аударып отырған. Маргарет Вестагер, бәсекелестік мәселелері жөніндегі Еурокомиссар: - IPhonе-ды Берлиннен немесе Римнан сатып алсаңыз да, сіз оны Ирландияның Apple Sales International компаниясынан аласыз. Яғни саудадан түскен кіріс тікелей сол елдің салық жүйесі бойынша өтеді. Бұл дегеніміз Еуроодақ заңнамасына қарсы. Енді Apple 13 миллиард еуро айыппұл төлеуі тиіс. Оған тағы пайыздар қосылады. Ірі корпорация төңірегінде қазір нағыз дау-дамай туындап тұр. Ирландия қаржы министрлігі болса, америкалық компания жаңа салық жүйесі бойынша жұмыс істеп жатқандығын айтады. Маргарет Вестагер, бәсекелестік мәселелері жөніндегі Еурокомиссар: - Бұл шешім Еуроодаққа мүше мемлекеттерде қандайда бір компанияларға салықтық жеңілдіктер болмайтынын айқын көрсетті. Мейлі ол Еуропалық немесе, шетелдік болсын заң алдында барлығы тең. Ал корпорация бұл шешіммен түбегейлі келіспейді. Еурокомиссия шешімін қайта қарауға бермек. Алайда бұл жағдайдан кейін Еуропада инвестициялық ахуалдың нашарлайтыны түсінікті. Ақпарат көзі:  www.24.kz 

Ұқсас жаңалықтар