Қазақстанда онлайн-кредит алушылар саны артқан
Көптеген адамдар қазіргі кезде несие алып, қаршылық мәселесін шешуге тырысады. Естеріңізде болса кеше ғана қазақстандық байланыс операторының шағын несие бере бастағанын да жазған болатынбыз. Ал «Займер» компаниясының сарапшылары соңғы кезде Қазақстан азаматтарының интернет арқылы несие алуы артып келе жатқандығын мәлімдеді – деп жазады BAQ.kz тілшісі.
Банктен қолма-қол қарыз алушылар онсызда аз емес. Дегенмен онлайн-кредит алатындардың саны жыл басынан бері 4 есеге өскен. Осының нәтижесінде 2016 жылдың 7 айындағы көрсеткіш бойынша интернет арқылы алынған қарыздың сомасы 7 млрд. теңгеден асты.
«Интернет-кредитті мерзімінен бұрын төлеу көрсеткіші де жоғарылады. Қазақстандықтар 55,88%-ға кредиттік қарыздарын уақытынан бұрын төлей бастады. Қарыздың орташа сомасы да 5 есе өсті», — дейді компания сарапшылары.Алайда, интернет-кредит алу кезінде өте мұқият болмаса, ғаламтордағы алаяқтарға тап болуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан, онлайн-кредитке жүгінбес бұрын қарыз алғыңыз келген ұйым жайлы нақты мәлметтерді толық білгеніңіз абзал.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




