Н.Назарбаев G20 саммитіне шақырылды
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Үлкен жиырмалықтың» саммитіне шақырылды. Бұл туралы Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаков журналистерге хабарлады. Қытайда өтетін «жиырмалықтың» саммитіне 19 елдің көшбасшылары қатысады. Сондай-ақ Испания мен Сингапурдың премьер-министрі, Египет, Қазақстан, Таиланд басшылары, БҰҰ, Дүниежүзілік Банк, Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) тәрізді ұйымдардың жетекшілері шақырылған.
Ушаковтың атап өтуінше, «жиырмалық» саммитіне дейін Ханчжоуда БРИКС өкілдері кездесіп, өзара ынтымақтыстық мәселелерін талқылайды.
4-5 қыркүйекте Ханчжоуда өтетін G20 саммитінде халықаралық экономикалық серіктестік және әлемдік даму стратегиялары талқыланады.
Ақпарат көзі: 7 KUN
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




