Денсаулық
Бруктің Головкинге қарсы титтей де мүмкіндігі жоқ - Шугар Рэй Леонард
- author «Ақ жол»
- 31 тамыз, 2016
- 483
Бруктің Головкинге қарсы титтей де мүмкіндігі жоқ - Шугар Рэй Леонард
Бес салмақ категориясы бойынша әлемнің экс-чемпионы америкалық Шугар Рэй Леонард Келл Бруктің қазақстандық Геннадий Головкинді жеңуге мүмкіндігі жоқ деп есептейді. Алайда Sky Sportsбасылымына берген сұхбатында ол ағылшынға қазақстандықпен жекпе-жегінде тиімді болады деген бірнеше кеңес беріпті.
Леонардтың айтуынша, Брук бұл жекпе-жекке аса жоғары дайындықпен келуі керек. "Менің ойымша, Бруктің титтей де мүмкіндігі жоқ және ол жеңе алмайды, бірақ ол өзіне сенуі керек. Өзіме келсем, андердог болғанымда жағдайым өте жақсы болған. Мен жан-жақты әрі қайратты болдым. Егер Брук те осындай жағдайда болса, өзіне жақсы. Брук Головкиннің ырғағына ілесе алуы үшін дайындығы өте жақсы болуы тиіс. Ширақ қимылдап, Головкинді қорқытып алуы керек. Ол қолынан келетін бар мүмкіндігін пайдаланып, өз-өзіне берік болуы тиіс, тек жылдамырақ, ақылдырақ болып, күшін тез сарқып алмауы керек", - деді ол.
Еске салайық, Головкин - Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондондағы О2 аренасында өтеді. Головкинның барлық титулы тігілетін жекпе-жекті KazSport және "Қазақстан" телеарналары таратады.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




