Денсаулық
Ибрагимович пен Руни алдағы аптада GGG-ге қолдау көрсету үшін матчтан кейін бірден жолға шықпақшы
- author «Ақ жол»
- 31 тамыз, 2016
- 484
Ибрагимович пен Руни алдағы аптада GGG-ге қолдау көрсету үшін матчтан кейін бірден жолға шықпақшы
«Манчестер Юнайтед» футбол клубының шабуылшылары – Уэйн Руни мен Златан Ибрагимович қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне қатысып, GGG-ге қолдау көрсетуді көздейді. Алдағы аптада қыркүйектің 10-ы жерлесіміз британдық Келл Брукпен кездеседі, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өткен сенбі күні «Халлмен» болған ойыннан кейін маған Уэйн Руни хабарласты. Оның айтуынша, Златан – қазақстандық боксшы Головкиннің үлкен жанкүйері. Оның жекпе-жекті өз көзімен көргісі келіп отырғанын жеткізді. Әлбетте, мен «Сөз жоқ, келсін» дедім. Сол күні оларда манчестерлік дерби болады. Соған қарамастан, олар үлгеруі керек. Шынымен де, бұл жекпе-жек – үлкен оқиға. Оған көптеген актерлар мен спорт жұлдыздары қатысады», - дейді британдық боксшының промоутері Эдди Хирн.Айта кетейік, қыркүйектің 10-ы күні «Манчестер Юнайтед» футбол клубы өз жерінде «Манчестер Ситимен» кездеседі. Аталған матч Астана уақыты бойынша сағат 17:30-да басталады. Осы ойыннан кейін Руни мен Ибрагимович көлікпен 335 шақырым жолды еңсеріп, Головкин-Брук жекпе-жегін тамашалауды көздейді. Бұл жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат 23:00-ден кейін басталады.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




