Денсаулық
Қазақ халқы жоғары өмір сүруге лайықты – Болгарияның вице-президенті
- author «Ақ жол»
- 30 тамыз, 2016
- 695
Қазақ халқы жоғары өмір сүруге лайықты – Болгарияның вице-президенті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Болграия Республикасының вице-президенті Маргарита Поповамен кездесті. Тараптар Қазақстан-Болгария қарым-қатынастарының даму жағдайы мен өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Болгария тарапына Қазақстанның негізгі бастамаларын, оның ішінде ДСҰ-ға мүшелігін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігін, Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуді, сондай-ақ Еуропалық одақ елдеріне қысқа мерзімді сапарлар үшін визасыз режімді енгізуді қолдағаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан халқына Конституция ережелерін сақтай отырып, әл-ауқатты, қауіпсіз болуына тілектеспін. Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейлері жоғары болуы тиіс. Өйткені, олар оған лайықты. Елдеріңіз тәуелсіздік жылдары ішінде көп жетістікке қол жеткізді. Қазақ елі қысқа ғана уақыттың ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Орталық Азияның негізгі мемлекеттердің біріне айналды. Сіздерді ұлық мерекелеріңіз Конституция күнімен құттықтаймын», - деді ол.Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




