Қайыршы өзінің адал ісінің арқасында үй алды
Өз ұстанымдарына адал адамдар қандай жағдай болса да олардан бас тартпайды. Тайландтың 44 жастағы Варалоп есімді азаматы дәл осындай адам болып шықты. Ол метро станциясында қымбат әминды тауып алған. Оны өзіне алып қалуды ұят көріп бірден иесін іздеген.
Бұл туралы “Аdme.ru” басылымы хабарлайды.
Әмиянның ішінде 20 000 бат болған екен. Ол шамамен – 580 $. Ал әмиянды тауып алған азаматтың қалтасында тиын да болмаған көрінеді. Варалоп тауып алған ақшаны өз керегіне жұмсамастан, полиция бөлімшесіне апарған. Кейін әмиянның иесі 30 жастағы Ниити Понгкрайньос болып шыққан. Оның өзіне тиесілі фабрикасы бар екен. Бай азамат Варалоптың бұл адалдығына қайран қалады. “Егер мен оның орнында болсам, бұл әмиянды қайтармайтын едім”, – дейді ол. Ниити Варалопқа алғыс ретінде ақша ұсынбақ болған. Артынша райынан қайтып, оған өзінің фабрикасынан жұмыс орнын ұсынады. Тіпті, пәтер сыйлайды. Енді Варалоп айына 11 000 бат (317 $) көлемінде жалақы алады. “Өмірімді өзгертуге мүмкіндік бергендері үшін алғысым шексіз. Енді менің жатып ұйықтауға болатын таза төсегім бар. Сондай бақыттымын”, – дейді Варалоп.
Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Туа біткен жүрек ақауын емдеудің жаңа әдісі табылды
- 17 қыркүйек, 2024
Тұмауға қарсы екпе салу басталды
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді