Қазақстан Президенті Жапонияға сапармен барады
Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясы аясында Жапонияның парламентің сыртқы істер вице-министрі Мотоме Такисавамен кездесті.
Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың қарашасында Жапонияға сапары қарсаңындағы Қазақстан-Жапонияның саяси және экономикалық ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке сектор бірлескен комиссиясының 6-шы отырысын өткізуге сапалы дайындық жүргізу маңыздылығы аталып өтілді. 2017 жылы жапондық капиталдық қатысуымен Қазақстан аумағында жаңа инвестициялық және өндірістік жобаларды іске қосу күтілуде», - делінген хабарламада.
Е.Ыдырысов Жапония Қазақстан үшін ядролық қарусыздану және таратпау ісіндегі, атом энергиясын бейбіт пайдаланудағы одақтасы саналатындығын атап өткен. Сонымен қатар ол Қазақстан мен Жапонияның 2015-2017 жылдары Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымына төрағалығы жемісті боларына сенімді екендігін айтты.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




