Денсаулық
Ресейлік паралимпияшыларды 2018 жылғы Ойындарға қатыстырмайды
- author «Ақ жол»
- 30 тамыз, 2016
- 657
Ресейлік паралимпияшыларды 2018 жылғы Ойындарға қатыстырмайды
Ресейдің паралимпиялық комитеті Халықаралық паралимпиялық комитеттің ресейліктерді Рио-де-Жанейродағы Ойындарға жібермеу туралы шешімі Оңтүстік Кореяда 2018 өтетін паралимпиадаға да қатысты екенін атап өтті.
Бұл туралы Ресей паралимпиялық комитетінің ұйымның ресми сайтында жарияланған хатында айтылған.
Халықаралық паралимпиялық комитет Ресей паралимпиялық комитетін біліктілігінен айырып, Ричард Маклеран басқарған Бүкіләлемдік допингіге қарсы агенттігі тәуелсіз комиссиясының баяндамасын қарау қорытындылары бойынша ресейлік спортшыларды 2016 жылғы Ойындарға қатысудан шеттетті.
Спорттық төрелік соты 23 тамызда ресейлік спортшыларды шектеуге аппелляцияны кейін қайырды.
Ресей Президенті Владимир Путин Ресей Риода өнер көрсету мүмкіндігінен айырылған паралимпиадшылар үшін арнайы жарыс өткізетінін мәлімдеді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




