Қол емес, аяқ көтерсе тоқтайды
Шашубай ақын – Шашубай Қошқарбаев әнші, жыршы, айтыс ақыны ғана емес, мың бұралып би билейтін, жүз құбылтып сиқыр ойын көрсете алатын, әсемдеп акробатикалық әрекеттер жасай білетін сан қырлы өнер иесі болған кісі екен. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар болса керек, сол Шашекең сырнайын арқалап, жаяулатып бірде жолға шығады. Үлкен жолда анда-санда өткен машиналардың бір-екеуіне қол көтерсе тоқтамай, зу етіп қасынан өте шығады. Шашекең ақыры қулыққа көшеді: қара жолдың қақ ортасына төбесінен шаншылып, аяғын жоғары көтеріп тұра қалыпты.
– Ойбай, ақсақал, сізге не болды? – дейді машинасын амалсыз тоқтатып, жерге түскен жүргізуші.
Сонда Шашекең алақандағы шаңды қағып:
– Қол көтергендерге сендер тоқтамайды екенсіңдер. Сосын, тегі шопырдың жөні осы шығар деп, аяғымды көтердім, – депті.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




