Жылан балықты аулауға рұқсат етсе...
Балқаш көлінен бес облыстың балықшылары жыл сайын сәуір айының 15-жұлдызынан маусым айының біріне дейін балық ауламайды. Өйткені, аталған көлдегі балықтар осы уақыт аралығында уылдырық шашады.
Мен өзім балықшы емеспін. Алайда, балаларым мен көрші-қолаңнан, өзге де ауыл азаматтарынан естуімше, бүгінде көлде жылан балық көбейіп кеткен. Ол шашқан уылдырығын өзге балықтардан қатты қориды екен және құрғаққа шығып, ондатрдың інін жауып, оның баласын жеп үлгереді екен. Кейінгі жылдары соның салдарынан ондатр азайып бара жатыр. Бұл жағдайды облыстық, аудандық балық инспекциясы қызметкерлері, жергілікті жердегі Шығанақ, Үлкен, Бурыл-Байтал ауылындағы балықшылар жақсы біледі. Меніңше, мұндай жағдайда балық инспекциясындағылар жылан балықты шамадан тыс көбейтпеудің жолдарын қарастыруы керек. Мүмкін, тек сол балықты аулауға рұқсат берген жөн болар. Қалай болғанда да «көктен тілек тілеп» отыра беруге болмайды. «Тоқсанымыз жабылып, тоқты жыққан батырмыз» дегендей, осы салада көптеген азаматтар еңбек етуде. Осы мәселені бір мезгіл ойланып көрейікші!
Ердахмет Достемесұлы, еңбек ардагері.
Шығанақ ауылы, Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




