"77" ТЕЛЕАРНАСЫН "ОТАУ ТВ" ЖЕЛІСІНЕН КӨРСЕК
Қай кезде де жаңалықтың, жаңашылдықтың болғаны жақсы ғой. Облысымыздан «77» телеарнасының ашылғанын жергілікті басылымдардан оқып, «бәрекелді!» дестік. Алайда, бірнеше айдан бері осы телеарнаның көрермені бола алмай дал болып жүрміз. «Отау ТВ» желісінде өте көп арналар бар. Олардың арасынан «77» телеарнасын кездестіре алмадық.
«77» телеарнасының құрылтайшысы – кәсіпкер Қарлығаш Аралбекова екен. Ол кісінің осындай бастаманы жүзеге асырғанына ризамыз. Аралбекованың облыс кеңістігінде ақпарат құралдарының жұмысын дамытуға көңіл бөлгені – өте қуанышты жағдай. Қаражаттың руханиятқа, бұқаралық ақпарат құралдарын көбейтуге бөлінгені – әрине жақсы. Бұл телеарна жұмысы облыс көлемімен шектелмей, республика аумағына тарап жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасы жұмысы өте жақсы, көңілімізден шығады. Алайда, бәсекелестік болған жерде одан әрі өрлеу, өсу, даму болады деп ойлаймын.
Менің айтайын дегенім – «77» телеарнасы «Отау ТВ» желісінде қосылса екен деген тілек.
Мұндай сәтіменен ашылған жергілікті телеарнаны неге кең көлемде көрмеске? Жақсы дүниені көрмекке дейді ғой. Бұл өтініш, ұсынысымыз жүзеге асса екен.
Барат Мыңбосын, зейнеткер.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




