Денсаулық
Елбасы Астана бейбітшілік саммиті жайында шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2016
- 543
Елбасы Астана бейбітшілік саммиті жайында шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді
Мемлекет басшысы «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференция аясында шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев BBC, Euronews, CNBC Arabia, «Россия 24» телеарналары өкілдерімен әңгімелесу барысында Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында жұмсаған күш-жігеріне, сондай-ақ конференция кезінде ұсынған бастамаларына қатысты сауалдарға жауап берді.
Атап айтқанда, Елбасы Семей ядролық сынақ полигонының жабылу тарихы туралы әңгімелеп, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізудің перспективаларына және осы саладағы сын-қатерлерді еңсеруге қатысты өз көзқарасын білдірді.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі өз тәжірибесін ортаға салып, алдағы қарашада өтетін Астана бейбітшілік саммиті мен Ядролық қарусыздану үшін берілетін сыйлықты тағайындау жөніндегі бастаманың жай-жапсары туралы айтып берді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




