Денсаулық
Ислам Кәрімовтің қызы Өзбекстан президенті инсульт алғанын хабарлады
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2016
- 542
Ислам Кәрімовтің қызы Өзбекстан президенті инсульт алғанын хабарлады
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қызы Лола Каримова-Тилляева мемлекет басшысының миына қан құйылғанын хабарлады.
Бұл туралы ол өзінің Facebook-тағы парақшасына жазды.
«Алып-қашпа әңгімелердің тарап кетуін болдырмау үшін өз парақшамда сіздермен отбасымызда орын алған ауыр жағдайды бөліспекшімін. Сенбі күні таңертең миына қан кетуіне байланысты әкем аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда. Қазір қандай да бір болжам айтуға ерте. Халықтан әртүрлі қауесетке жол бермей, отбасымыздың құқығына құрметпен қарауды өтініп сұраймын. Әкемнің амандығын тілеп дұға еткендерге алдын ала алғыс білдіремін». - деп жазды Лола Каримова-Тилляева.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




