Әлемдегі ең қарт адамның жасы – 145-те
Бұл индонезиялық ер адамды жер бетіндегі ең қарт адам деп атап кеткен. Мбах Гозо 145 жылдан бері ғұмыр кешіп келе жатыр.
Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.
Бұл ешқандай да ойдан шығарыла салған сан емес. Мұны тіпті ресми құжаттар да растайды. Аталмыш құжатты оған Индонезияның ресми мекемелері берген.
Егер бұл ақпарат шындығында рас болса, онда жер бетіндегі ең егде адам деп саналып келген француз әйелі Жанна Кальманнан да (122 жас) үлкен болып шығады. Ғасырдан астам уақыт жасаған Мбах Гозо өлуге де дайын екенін айтыпты. Ол өзінің 10 ағасы мен әпкесі, төрт әйелі және барлық балаларынан айырылған. Ал одан ұзақ өмір сүрудің құпиясын сұрағанда, ол “тек шыдамдылық” деп жауап беріпті.
Гозоның немересі атасының уақыттың басым бөлігін радио тыңдап өткізетінін айтқан. Ал теледидар көруге көзінің мүмкіндігі мүлде жетпейді. Оған берілген құжатта Мбах Гозо 1870 жылы 31 желтоқсанда туды деп көрсетілген.
Гозоның немересі атасының уақыттың басым бөлігін радио тыңдап өткізетінін айтқан. Ал теледидар көруге көзінің мүмкіндігі мүлде жетпейді. Оған берілген құжатта Мбах Гозо 1870 жылы 31 желтоқсанда туды деп көрсетілген. Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




