«Еуразия барысы» биыл Алматыда өтеді

«Еуразия барысы» биыл Алматыда өтеді
ашық дереккөз
«Еуразия барысы» биыл Алматыда өтеді
Қазақ күресінен «Еуразия барысы» турнирі биылғы жылы Таразда емес, Алматы қаласында өтеді. Бұл туралы BAQ.kz тілшісі хабарлайды.
Аталмыш турнир 2016 жылдың 2 қазанында жаңадан салынған 12 мыңдық «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл жарыс Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Турнирге 8 елден, 130 қатысушы келеді деп күтілуде. «Қазспорт» және «Боец» арналары тікелей трансляция жүргізеді. «Әлемнің сегіз елінің ең мықты балуандары «Еуразия барысы» атану үшін сайысқа түседі Алматы қаласы өзінің 1000 жылдық тойында осындай мәртебелі жарысты қабылдайтынына қуаныштымыз. Сондай-ақ, бұл жаңа спорт кешені «Алматы Аренада» өтетін ең бірінші халықаралық турнир болмақ»,- дейді Алматы қалалық қазақ күресі федерациясының өкілі Мақсат Қиқымов. Жаңадан салынған аренада «Еуразия барысын» өткізу аталған спорт кешенінің әлеуетін байқап көруге мүмкіндік бермек. Өйткені, бұл спорт нысанында 2017 жылдың қаңтар-ақпан айында қысқы Универсиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаттары мен мәнерлеп сырғанау және керлингтен сайыстар өтеді. Сондай-ақ, қыркүйек айынан бастап, «Алматы Аренада» қазақ күресімен айналысуға арналған зал ашылады деп жоспарланған. Онда күн сайын, Алматы тұрғындарына арнап, аталған спорт түрінен күндізгі және кешкі жаттығулар өткізіледі.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар