Apple жаңа әлеуметтік желі жасап жатыр
Apple компаниясы Facebook, Snapchat және Instagram желілерін негізгі ала отырып, өзінің жаңа әлеуметтік желісін жасап жатыр. Бұл туралы Bloombergхабарлады.
Apple қызметкерлерінің айтуынша, жаңа бағдарламада видео түсіріп, оны түрлі эффектілермен өңдеп, басқа қолданушылармен бөлісуге болады. Bloomberg-тегі ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік желінің танымалдылығын пайдаланып, компания аудиториясы ретінде күнделікті 30 не 50 минутын Facebook, Snapchat және Instagram секілді бағдарламаларда өткізетін жастарды көздеп отыр. «Одан бөлек, жаңа бағдарламада өзге қосымшаларда жоқ функциялар болады. Мысалы, екі дос бір-бірінің барлық хаты мен видеосын, электронды поштасын мен суреттерін еркін көре алады», — дейді Apple. Компания қызметкерлерінің айтуынша, түсірілетін видеоның форматы мен өңдеулері Instagram қосымшасына ұқсас болады.Ақпарат көзі: 7 KUN
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




