Денсаулық
Рио Олимпиадасының бірқатар жүлдегеріне әскери шен табысталды
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2016
- 620
Рио Олимпиадасының бірқатар жүлдегеріне әскери шен табысталды
Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов «лейтенант» шенін иеленді.
Дәл осындай атақ күміс және қола жүлдегерлер Елдос Сметов пен Василий Левит, Екатерина Ларионоваға да табысталды. Ал, Ұлттық гвардияның спорт командасының жаттықтырушылары Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко мерзімінен бұрын «капитан» атанды. «Динамо» спорт қоғамының атлетшілеріне әскери атақты Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов табыстады. Сондай-ақ, спорт қоғамының сапында жүрген олимпиаданың өзге де жүлдегерлері «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Айта кетейік, егемендік алғалы бері «Динамо» спортшылары олимпиадада ел қоржынына жалпы саны 62 медаль салған. Оның 16-сы алтын, 19-ы күміс.
Данияр Елеусінов, Рио Олимпиадасының чемпионы: - Өте қуанышты көңіл-күйдемін. Еліме келіп осындай абыройлы, мәртебелі атақтарға ие болып отырмын. Өте қуаныштымын. Бүгінгі марапаттау үшін рақмет. Алдағы уақытта да сіздерді жеңістерімізбен қуанта береміз деген ойдамыз.
Әділбек Ниязымбетов, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері: - Мен ІІД-де 2011 жылдан бастап қызмет етудемін. Біз өзіміз спортта жүрген соң, қол тиген кезде барып жігіттерге қолдау көрсетіп тұрамыз. Кішкене демалып болған соң ары қарай жалғасады деген ойдамын. Жас балалар бар өсіп келе жатқан, соларды жаттықтырамыз деген ойдамыз. Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




