Футболмен 41 жасымда қоштасуды көздеймін - Роналду
Португалиялық футболшы алдағы маусымның да, жалпы спорттық мансабына да жоспар құрып қойған екен, - деп хабарлайды 24.kz.
"Реалмен" келісімшартты ұзартуды көздеп отырмын. Мен әлемдегі ең үздік клубта өнер көрсетемін, сондықтан карьерамды осы жерде 41 жаста аяқтағым келеді. Әрине, бұрынғыдай ойын деңгейін түсірмей, нәтижелі пастар беріп, гол соғу секілді міндеттерден бас тартқан жоқпыз. Біз Испания чемпионаты мен Кубогын жеңіп алғымыз келеді. Сонымен қатар Чемпиондар лигасында топ жаруды да көздейміз. Ал Португалиямен бірге әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен сүрінбей өтсек деймін", - дейді ол.
"Биылғы жыл мен үшін ұмтылмас сәттермен есте қалды. Еуропаның үздік ойыншысына берілетін сыйлық маусымның сәтті басталатынын аңғартып тұрғандай. "Реалдағы" және ұлттық құрамадағы әріптестеріме қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіремін", - дейді Криштиану Роналду AS-ке берген сұхбатында.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




