Қырғызстанда 29 тамыз аза тұту күні болып жарияланды
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев дүйсенбі, 29 тамызды Мәскеудегі баспаханада шыққан өрттен қаза тапқан 14 қырғызстандыққа арнап, аза тұту күні деп жариялады, - деп хабарлайдыРИА Новости.
"Президенттің өкімімен дүйсенбі, 29 тамыз қаза болғандарға арнап, аза тұту күні болып жарияланды", - деп хабарлады Қырғызстан үкіметі. Президенттің өкіміне қарағанда, елде барлық мемлекеттік ту түсіріліп, барлық көңіл көтеру шаралары кейінге қалдырылады. Мемлекет басшысы үкіметке өрт кезінде қаза болғандардың жанұяларына мүмкіндігінше көмектесуді тапсырды.
Еске салайық, Мәскеуде сенбі күні таңғы уақытта баспахана өртеніп, салдарынан 17 адам қаза болған еді, оның 14-і Қырғызстан азаматы.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




