Жуалы - жердің жаннаты
Жаннаты жердің Жуалым,
Зеңгір көк төккен шуағын.
Көл-көсір, өлең бұлағым,
Атамекенім – тұрағым.
Жалындай жанып шырағым,
Төсіңде сайран құрамын.
Тебіреніп жүрегім,
Арналар саған жыр-әнім.
Тауыңда қыран шарқ ұрған,
Көліңде аққу қалқыған.
Көз қарыған көркіңнен,
Жаным жаздай шалқыған.
Жантая кетсем, шаршап кеп,
Көк майсаң жайлы төсегім.
Саяңда өсіп көркейіп,
Сазыңда желдей есемін.
Жуалым – жаннат мекенім,
Өскен сайын өркенің.
Ләззат алып сезімнен,
Рахат өмір кешемін.
Анашым
Жасын жырдың тартқанымда жебесін, Түсіме ылғи жабырқаумен енесің. Маған мүлде ренжіген кейіппен, Қас қағым сәт алыстайды елесің. Ұлың едім, жуытпайсың жаныңа, Мейіріміңді іздеп жүрмін сағына. Адамдары азған мынау заманның, Амалсыздан көндім қатал заңына. Сағынышым сар даламен желгендей, Махаббатың маған деген сөнгендей. Бойыңды ылғи қашық ұстап жүресің, Балаңды емес, басқа жанды көргендей. Сезіп тұрам, терең сыр бар ішіңде, Қол созым жер, жете алмаймын түсімде. Зарықтырып, сыр алдырмай тұрасың, Мүмкін, қате қадамдар бар ісімде. Асыл анам, ардақтым ең аяулы, Жасым бүгін қарттық жасқа таянды. Әкемнің де орнын мүлде жоқтатпай, Есейгенмін паналап мол саяңды. Өмір жолы қандай қиын, бұралаң, Ойымда да, бойымда да жүр алаң. Күлгенім де, жүргенім де дін аман, Сүйенішім жалғыз Алла, бір Анам!
Мақұлбек Жаналиев, қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




