Сарыарқа даласынан пирамида табылды
Археологтар қазба жұмыстары кезінде Қарағанды маңынан қола дәуіріне жататын ежелгі пирамиданы тапты. Зерттеушілердің айтуынша, Беғазы –Дәндібай кезеңіне жататын Сарыарқадағы пирамида мен Джосер Перғауынның сатылы пирамидасы құрылысы жағынан өте ұқсас екен.
Бұл жаңалықпен қарағандылық ғалым Виктор Новоженов бөлісті. Ол кезекті сенсациялық жаңалықты ашуға тарих ғылымдарының кандидаты И. Кукушкин бастаған Сарыарқа археологиялық институтының археологиялық экспедиция қызметкерлері қатысқанын айтады. «Пирамида б.з.д. 15-10 ғасырларды қамтитын Беғазы – Дәндібай мәдениеті кезеңінде салынған айрықша сатылы мавзолей екен. Бұл ғимараттың сырт пішіні әйгілі Мысыр пирамидаларына келеді. Әсіресе, ол Джосер перғауынның сатылы пирамидасына қатты ұқсайды. Салынған кезеңі де өзара тұспа-тұс келеді», – дейді ол.
Ғалымдар мавзолейдің монументалды құрылымына қарап, оның Сарыарқа даласында бұдан 3 мыңнан астам жыл бұрын өмір сүрген жергілікті ұлы тайпалардың бірінің қағаны немесе ел билеушісіне арнап салынған болуы мүмкін деген болжам айтады. Таяу күндері мавзолейдің негізгі бөлігін зерттеу жұмыстары басталмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




