ҒАЖАЙЫП ЖЕТІ САНЫ
Жеті – адамзаттың сүйікті саны. Оның себебі, жеті санының қасиетті саналуында болса керек. Бір қызығы, бұл санның қасиеттілігі барлық дінде айтылады. Мысалы, еврейлердің балауыз қойғышы, шырағдандары, менорлары жетіден, Таурат кітабында жеті саны 500 рет қайталанады. Жеті баланың жетіншісі ерекше кұшке ие болады деген де сенім бар. Жеті санынан тұратын заттардың тізімі өте көп болғаны соншалық, оны адам есінде сақтай алмайды. Солардың бірнешеуіне тоқталсақ.
Оның бірі – өлімге себеп болатын жеті күнә. Олар мынадай: тамақсаулық, жалқаулық, нәпсіқұмарлық, өркөкіректік, ашу, қызғаншақтық және сараңдық.
Кемпірқосақтың жеті түсі: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.
Ислам діні түсінігіндегі жеті аспан: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық.
Христиан дініндегі қасиетті жетеу: сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші.
Мұнан өзге әлемнің жаратылған жеті күні, жеті континент, адамның жеті жасы, жеті қат жердің қатпары сынды көптеген мысалдарды келтіре беруге болады.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді