Зардабын еске алды
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысушылар мен ядролық қару-жарақтан зардап шеккендердің ескерткішінің алдында еске алу шарасы өтті. Митингі бір минут үнсіздікпен басталды.
Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Балабек Нарбаев бастаған қала мекемелері мен кәсіпорындардың, ұйымдардың өкілдері Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысушылар мен ядролық қару-жарақтан зардап шеккендердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып тағзым етті.
Митингіде Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Балабек Нарбаев сөз сөйлеп, полигон зардабының халқымызға қаншалықты қасірет әкелгенін айтты. 40 жыл ішінде қазақ даласында 456 ядролық сынақ жасалып, оның 116-сы ашық алаңда сыналғанын 1991 жылы 29 тамызда Президент Жарлығымен Семей полигонының жабылуы миллиондаған адамдарға қуаныш сыйлағанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, «Жеңіс қаһарманы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ералы Сұлтан қазақ даласында ядролық сынақтан шеккен зардабы ұлт қасіретіне әкеп соққанын айтса, жас ақын Нұржан Қадірәлі жыр жолдарын арнады.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




